01.05.2026 12:41
Салах «Фенербахчеге» ауысуы мүмкін
01.05.2026 12:41
«Ливерпуль» вингері Мұхамед Салах мансабын Түркияда жалғауы мүмкін

A Spor хабарлауынша, 33 жастағы мысырлық ойыншы «Фенербахчемен» келіссөз жүргізіп жатыр. Ыстамбұлдың клубы Салахтың агентімен екі рет кездесіп үлгеріпті. Мұхамедтің өзі Еуропада қалғысы келеді және жылына 20 миллион еуро көлеміндегі жалақы сұрап отыр.
Осыған дейін Салах маусым соңында 2017 жылдан бері ойнап келген клубы «Ливерпульден» кететінін хабарлаған еді. Ол осы маусымда 39 матчта 12 гол соғып, тоғыз нәтижелі пас берді.