01.05.2026 15:20

Қазақстан құрамасының жаңа жейдесі таныстырылды

01.05.2026 15:20

Бүгін, 1 мамырда Қазақстан Ұлттық құрамасының жаңа жейдесі таныстырылды

Adidas компаниясы бұл форманы UEFA Kit Assistance Scheme бағдарламасы аясында дайындады.

Енді біздің жігіттер осы жейдемен алдағы екі жыл бойы тер төгеді. Бұған дейін ел командасы 2023 жылдан бері Италияның Errea компаниясы ұсынған өніммен ойнап келген еді.

Отандастарымыз су жаңа жейдені алғаш рет Армения (6 маусым) мен Венгрияға (9 маусым) қарсы жолдастық кездесулерде киеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram