01.05.2026 20:08

А Сериясының үздік бапкері белгілі болды

01.05.2026 20:08

Лучано Спаллетти Италия А Сериясының сәуірдегі үздік бапкері атанды

Оның тұсында «Ювентус» өткен айда «Дженоаны» (2:0), «Аталантаны» (1:0), «Болоньяны» (2:0) жеңіп, «Миланмен» (0:0) тең тарқасты.

67 жастағы италиялық маманға бұл жүлде 3 мамыр күні өтетін «Веронаға» қарсы матчтың алдында табысталады.

Спаллетти Туриннің клубын 2025 жылдың қазан айынан бері жаттықтырып келеді. 34 турдан кейін 64 ұпай жинаған «бьянконери» Италия А Сериясында төртінші орында келеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram