01.05.2026 20:43

Моуринью: «Реалдан» ешкім хабарласпады

01.05.2026 20:43

«Бенфика» бас бапкері Жозе Моуринью «Реалға» қатысты пікір білдірді

«Шыны керек «Реалдан» ешкім менімен байланысқа шықпады. Менің футболда жүргеніме біраз болды, мұндайға үйреніп қалғанмын, алайда «Реал» тарапынан еш әрекет болмады. Ал «Бенфикаға» келетін болсақ, менің әлі бір жылға жарамды келісімшартым бар екенін білесіз»,– деді Моуринью.

Осыған дейін оның Мадрид клубына оралуға ниетті екені туралы қауесет тараған еді. 63 жастағы португалиялық маман «бланкосты» 2010-2013 жылдар аралығында жаттықтырған.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram