29.07.2026 17:08

«Ливерпуль» Барколя үшін алғашқы ұсынысын жолдады

29.07.2026 17:08

ПСЖ вингері Брэдли Барколя «Ливерпульге» ауысуы мүмкін

Diario AS хабарлауынша, Мерсисайдтың клубы Барколя үшін ПСЖ-ға алғашқы ресми ұсынысын жолдады. Оның құны 105 миллион және қосымша бонус ретінде 15 миллион еуроны құрайды екен. Ал Париждің клубы ойыншысын 170 миллионға бағалап отыр. Бірақ Барколяның «Ливерпульмен» 2031 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшарт бойынша келісімге келіп қойғанына байланысты ПСЖ бұл ұсынысты қарастырып көреді.

Осыған дейін Барколяның ПСЖ-мен 2028 жылдың 30 маусымында аяқталатын келісімшартты ұзартпайтыны хабарланған.

23 жастағы француз вингері ПСЖ-ға 2023 жылы «Лионнан» 45 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол өткен маусымда 49 матчта 13 гол соғып, жеті нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram