29.07.2026 16:34

Кейн «Бавариямен» келісімшартты ұзартуға жақын

29.07.2026 16:34

«Бавария» шабуылшысы Харри Кейн клубта қалады

Bild хабарлауынша, қос тарап 2029 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа қол қою туралы келісімге келді. Жаңа шартқа сәйкес, Харридің жылына алатын жалақысы 25 миллион еуроны құрайды екен.

Қазір Кейн Әлем чемпионатынан кейін отбасымен Кариб аралдарында демалып жатыр. Ол Мюнхеннің клубына тамыз айының басында қосылып, жаңа маусым басталғанша келісімшарт мәселесін толықтай шешеді.

33 жастағы англиялық форвард «Баварияға» 2023 жылы «Тоттенхэмнен» 95 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол өткен маусымда 51 матчта 61 гол соғып, жеті нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram