29.07.2026 15:02
Неймар: Ұлттық құрамаға оралғым келмейді
29.07.2026 15:02
«Сантос» шабуылшысы Неймар Бразилия Ұлттық құрамасындағы мансабын аяқтады

«Бразилия құрамасының тарихында есімімді қалдыра алдым деп ойлаймын. Мен Бразилия намысын қорғағаным үшін бақыттымын. Осы аралықта сары жейде үшін жанымды бердім. Ал қазір құрамаға оралғым келмейді»,– деді Неймар.
34 жастағы Неймар «пентакампеондардың» сапында 2010 жылы дебют жасаған еді. Осы аралықта 130 матчта 80 гол соғып, 59 нәтижелі пас берді.