29.07.2026 13:23
«Реал» Родримен келіссөз бастады
29.07.2026 13:23
«Манчестер Сити» жартылай қорғаушысы Родри «Реалға» ауысуға жақын

Фабрицио Романоның хабарлауынша, Мадридтің клубы алғаш рет «Манчестер Ситимен» байланысқа шықты. Қазір қос тарап келіссөз жүргізіп жатыр. Осыған дейін Родридің командаға қосылуына қарсы болған президент Флорентино Перес ойынан айныпты. «Бланкос» трансфер үшін кемі 50 миллион еуро жұмсауға дайын.
30 жастағы Испания құрамасының дүлдүлі биылғы Әлем чемпионатында үздік ойыншы атанған еді.