28.07.2026 20:49
Барколя «Ливерпульге» ауысуға дайын
28.07.2026 20:49
ПСЖ вингері Брэдли Барколя «Ливерпульге» ауысуы мүмкін

L'Equipe хабарлауынша, ол Мерсисайдтың клубына қосылуға келісімін берді. Енді «Ливерпуль» трансфер жөнінде ПСЖ-мен келіссөз жүргізіп жатыр. Париждің клубы ойыншысын 170 миллион еуроға бағалап отыр.
Осыған дейін Барколяның ПСЖ-мен 2028 жылдың 30 маусымында аяқталатын келісімшартты ұзартпайтыны хабарланған еді.
23 жастағы француз вингері ПСЖ-ға 2023 жылы «Лионнан» 45 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол өткен маусымда 49 матчта 13 гол соғып, жеті нәтижелі пас берді.