28.07.2026 19:08

Хаби Алонсо: «Дастанның ойыны бөлек екені байқалады»

28.07.2026 19:08

«Челси» бас бапкері Хаби Алонсо Дастан Сәтпаевқа қатысты пікір білдірді

«Дастанды былтырдан танимын. Алматыда байқағанмын. Дастанның ойыны бөлек екені көрініп тұр. Оны сіздерде байқаған шығарсыздар. Сәтпаев қарсылас қақпасына айтарлықтай қауіп төндіре алады. Бүгін айып алаңының сыртынан ойыса отырып, өте керемет шабуылдады. Оның дебюті сәтті шыққандай. Дастан шынында да мықты, расымен жылдам. Бұл жігіт әлі бәрімізді таңғалдырады. Ал оның келер маусымда ойнау-ойнамайтынын шешу әзірге ерте»,– деді Алонсо.

Дастан «Вестерн Сидней Уондерерске» қарсы жолдастық кездесуде (6:4) дебют жасап, 6-минутта гол соққан еді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram