26.07.2026 17:00

Барколя ПСЖ-дан кетеді

26.07.2026 17:00

ПСЖ вингері Брэдли Барколя клубтан кетеді

Фабрицио Романоның хабарлауынша, 23 жастағы француз вингері Париж клубымен 2028 жылдың 30 маусымында аяқталатын келісімшартты ұзартудан бас тартты.

Барколяны сәуір айынан бері «Ливерпуль» бақылап жүр. Мерсисайдтың клубы трансферді жүзеге асыру үшін іске кірісті. Брэдли «қызылдардың» сапына қосылуға қарсы емес.

Ал Фабрис Хокинстің мәліметінше, ПСЖ ойыншысын шамамен 170 миллион еуроға бағалап отыр. «Ливерпуль» оны қатарына қосуды қатты қалайды, бірақ бұл соманы тым көп деп есептейді. Клубтар арасында әлі келіссөз болған жоқ.

Барколя ПСЖ-ға 2023 жылы «Лионнан» 45 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол өткен маусымда 49 матчта 13 гол соғып, жеті нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram