26.07.2026 13:55
Луис Диасқа «Әл-Хиләл» көз тікті
26.07.2026 13:55
«Бавария» вингері Луис Диас «Әл-Хиләлге» ауысуы мүмкін

Саша Тавольеридің хабарлауынша, Саудияның клубы Диас үшін 105-тен 132 миллион еуроға дейін төлеуге дайын. Ал өзіне жылына 25 миллион еуро жалақы ұсынбақ. «Әл-Хиләл» алдымен Диасты көндіріп, содан соң «Бавариямен» келіссөз бастауды жоспарлап отыр.
Жалпы «Әл-Хиләл» басшылығы осы жазда трансфер жасауға 350 миллион еуро қаражат бөліпті.
Мюнхеннің клубы Диасты 2025 жылдың жазында «Ливерпульден» 70 миллион еуроға сатып алған еді. 29 жастағы колумбиялық ойыншы өткен маусымда 51 матчта 26 гол соғып, 23 нәтижелі пас берді.