26.07.2026 14:25

«Реал» Винисиусты сатуға дайын

26.07.2026 14:25

«Реал» вингері Винисиус Жуниор клубтан кетуі мүмкін

Рамон Альварес де Монның хабарлауынша, қос тарап келісімшартты ұзарту жөнінде келісімге келе алмай жатыр. Сол үшін «Реал» оны келер жазда тегін жіберіп алмас үшін дәл қазір сатуға дайын. Sport.es басылымының мәліметінше, «бланкос» басты жұлдызын кемі 160 миллион еуроға бағалайды.

The Touchline ақпаратына сенсек, Вини Флорентино Перестен Килиан Мбаппенікіндей жалақы сұраған екен. Бірақ бұған клуб президенті келіспеді.

«Бланкос» Винисиусты 2018 жылы «Фламенгодан» 45 миллион еуроға сатып алған еді. 26 жастағы бразилиялық вингер өткен маусымда 53 матчта 22 гол соғып, 14 нәтижелі пас берді.

Айта кетейік, кеше белгілі инсайдер Дэвид Орнштейн Винисиуске «Арсенал» көз тігіп отырғанын жазды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram