25.07.2026 21:04
Винисиус «Арсеналға» ауысуы мүмкін
25.07.2026 21:04
«Реал» вингері Винисиус Жуниор мансабын Ағылшын Премьер-лигасында жалғауы мүмкін

Дэвид Орнштейннің хабарлауынша, оған «Арсенал» көз салып отыр. Бірақ әлі ешқандай келіссөз болмаған. Лондонның клубы қазір тек сырттан бақылап жүр.
Ал Винисиус «Реалмен» 2027 жылдың 30 маусымында аяқталатын келісімшартты ұзарту жөнінде келісімге келе алмай жатыр.
«Бланкос» Винисиусты 2018 жылы «Фламенгодан» 45 миллион еуроға сатып алған еді. 26 жастағы бразилиялық вингер өткен маусымда 53 матчта 22 гол соғып, 14 нәтижелі пас берді.