25.07.2026 15:15

Хусанов «Манчестер Ситимен» келісімшартты ұзартты

25.07.2026 15:15

«Манчестер Сити» қорғаушысы Абдуқодир Хусанов клубта әлі біраз ойнайды

Қос тарап келісімшартты 2031 жылдың 30 маусымына дейін ұзартты.

22 жастағы Өзбекстан құрамасының қорғаушысы «қалалықтардың» сапына 2025 жылдың қаңтарында «Ланстан» 40 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол осы аралықта 47 матчқа қатысып, бір гол соқты. Сондай-ақ өткен маусымда Англия және Лига кубогын жеңіп алды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram