29.07.2026 13:09

Дэнни Уэлбек «Челси» ойыншысы атанады

29.07.2026 13:09

Дэнни Уэлбек «Брайтоннан» «Челсиге» ауысады

Фабрицио Романоның хабарлауынша, қос тарап 2028 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа қол қою туралы келісімге келді. Енді Уэлбек жақында медициналық тексерістен өтеді.

Сондай-ақ Лондонның клубы «Брентфордтан» 36 жастағы жартылай қорғаушы Джордан Хендерсонды алуға жақын.

Уэлбек «Брайтон» намысын 2020 жылдан бері қорғап келеді. 35 жастағы Англия құрамасының бұрынғы форварды өткен маусым Ағылшын Премьер-лигасында 37 матчта 13 гол соғып, бір нәтижелі пас берді. Дэнни мансабында одан бөлек «Уотфорд», «Арсенал», «Манчестер Юнайтед» және «Сандерлендте» ойнаған.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram