29.07.2026 14:18
«Челси» ойыншысына алты клуб көз тікті
29.07.2026 14:18
«Челси» шабуылшысы Лиам Делап клуб ауыстыруға жақын

TEAMtalk хабарлауынша, Делап үшін таласта «Эвертон» көш бастап тұр. Сондай-ақ Лиам «Лидс» және «Ньюкаслмен» келіссөз жүргізіп жатыр. Одан бөлек оған көз тіккендердің қатарында «Брайтон», «Фулхэм» һәм «Ноттингем Форест» бар. Ал «Челси» ойыншысын тезірек сатуды көздейді.
«Көктер» 23 жастағы англиялық форвардты 2025 жылдың жазында «Ипсвичтен» 35,5 миллион еуроға сатып алған еді. Ол өткен маусымда 41 матчта екі гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.