29.07.2026 13:41
«Манчестер Сити» ойыншысы «Тоттенхэмге» ауысуға дайын
29.07.2026 13:41
«Манчестер Сити» вингері Савио «Тоттенхэмге» ауысқысы келеді

Бен Джейкобс хабарлауынша, Савио бұл туралы клуб басшылығына ашық айтыпты. Қазір «Тоттенхэм» трансфер жөнінде «Манчестер Ситимен» келіссөз жүргізіп жатыр.
Негізі Лондонның командасы 22 жастағы бразилиялық ойыншыны өткен жазда-ақ алғысы келген, бірақ «Манчестер Ситимен» келісу мүмкін болмады.
«Қалалықтар» Савионы 2024 жылы «Труадан» 25 миллион еуроға сатып алған еді. Ол өткен маусымда 36 матчта төрт гол соғып, үш нәтижелі пас берді.