29.07.2026 16:53
«Тоттенхэм» «Сиднейді» пенальти сериясы арқылы жеңді
29.07.2026 16:53
Жолдастық кездесуде «Тоттенхэм» Аустралияның «Сидней» клубынан басым түсті

Матчтың негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталды. 29-минутта «Тоттенхэм» шабуылшысы Матис Тель алғаш болып гол соқса, оған 55-минутта Такахиро Сэкинэ жауап қайырды. Ал пенальти сериясында Лондонның клубы 4:2 есебімен жеңіске жетті.
Осыған дейін «Тоттенхэм» екі жолдастық кездесу өткізіп, «Окленд» (2:0) пен «Милтон Кинс Донсты» (1:0) тізе бүктірген еді. Роберто Де Дзербидің шәкірттері келесі матчта 1 тамыз күні Дастан Сәтпаев бастаған «Челсиге» қарсы ойнайды.