12.09.2025 22:52
Ла Лиганың тамыздағы үздік ойыншысы белгілі болды
12.09.2025 22:52
Николя Пепе Ла Лиганың тамыз айындағы үздік ойыншысы атанды
«Вильярреал» вингері дауыс беру нәтижесінде Ламин Ямаль («Барселона»), Килиан Мбаппе («Реал»), Нико Уильямс («Атлетик») және Пере Мильяны («Эспаньолды») басып озды.
Кот-д'Ивуар құрамасының футболшысы өткен айда Ла Лиганың үш матчына қатысып, екі гол мен бір ассисттің авторы атанды.
Сонымен қатар, Пепе бұл марапатқа мансабында алғаш рет қол жеткізіп отыр.
Испания Примерасының үш турынан кейін жеті ұпай жинаған Марселино шәкірттері турнир кестесінің үшінші сатысында келеді.