07.09.2025 17:17
Килиан Мбаппе «Алтын допқа» кім лайықты екенін айтты
07.09.2025 17:17
«Реал» шабуылшысы Килиан Мбаппе 2025 жылғы «Алтын допқа» Осман Дембеле лайықты екенін айтты.
«Алтын допты» алуға Осман Дембеле лайықты. Менің қолымда болса, жүлдені үйіне өзім апарып берер едім. Сондай-ақ Ашраф Хакими де үздіктердің қатарында болады деп үміттенемін», – деді Мбаппе.
Естеріңізге сала кетсек, «Алтын доп» табыстау рәсімі 22 қыркүйек күні Парижде өтеді.