07.09.2025 15:40
Кьеза ат басын Түркияға бұруы мүмкін
07.09.2025 15:40
«Ливерпуль» ойыншысы Федерико Кьеза мансабын Түркия біріншілігінде жалғастыруы мүмкін
Фабрицио Романоның мәліметінше, италиялық вингерге «Бешикташ» қызығушылық танытып отыр.
«Қара бүркіттер» 27 жастағы футболшыны 12 қыркүйек, яғни Түркиядағы трансфер кезеңі жабылғанға дейін қатарына қосып алғысы келеді.
Ал мерсисайдтықтар ойыншысын тек сатуға дайын. Англия чемпиондарын жалға алу ұсыныстары қызықтырмайды екен.
Кьеза биылғы маусымда үш ойын өткізіп, бір гол соғып үлгерді.