02.09.2025 16:49
«Ливерпуль» әлем рекордын орнатты
02.09.2025 16:49
«Ливерпуль» осы жазда трансферге жұмсалған қаржы бойынша әлем рекордын тіркеді
Мерсисайдтықтар соңғы трансфер кезеңінде ойыншылар сатып алу үшін 483,7 миллион еуро жұмсаған екен.
Осылайша, «Ливерпуль» бұл көрсеткіш бойынша «Челсиді» басып озды. Лондондықтар екі жыл бұрын құрамын күшейту мақсатында клуб бюджетіне 464,1 миллион еуро шығын әкелген.
«Ливерпульдің» осы жаздағы трансферлері:
Александер Исак («Ньюкасл») – €144 млн;
Флориан Вирц («Байер») – €125 млн;
Уго Экитике («Айнтрахт») – €95 млн;
Милош Керкез («Борнмут») – €46,9 млн;
Джереми Фримпонг («Байер») – €40 млн;
Джованни Леони («Парма») – €31 млн;
Армин Печи («Пушкаш Академи») – €1,8 млн;
Айта кетейік, Ағылшын Премьер-лигасының үш турынан кейін тоғыз ұпай жинаған Арне Слот шәкірттері турнир кестесінде жеке дара көш бастап тұр.