31.08.2025 22:25
«Ливерпуль» «Арсеналдан» үш ұпай алды
31.08.2025 22:25
Ағылшын Премьер-лигасының 3-туры аясында «Ливерпуль» «Арсеналдан» басым түсті
«Энфилд» стадионында өткен турдың орталық кездесуінде 1:0 есебі тіркелді.
Матчтағы жалғыз голды 83-минутта венгриялық жартылай қорғаушы Доминик Собослаи айып добынан соқты.
Осылайша, мерсисайдтықтар үш ойыннан кейін тоғыз ұпай жинап, турнир кестесінде жеке дара көш бастады. Ал еншісінде алты ұпайы бар «зеңбірекшілер» үшінші орынға табан тіреді.
Келесі турда «Ливерпуль» «Бёрнлиге» қонаққа барса, «Арсенал» өз алаңында «Ноттингем Форестті» қабылдайды.