28.08.2025 14:11

«Ливерпуль» қатарына жаңа қорғаушы қосылуға жақын

28.08.2025 14:11

«Кристал Пэлас» ойыншысы Марк Гехи «Ливерпульге» ауысуы мүмкін

Topskills Sports мәліметінше, мерсисайдтықтар англиялық қорғаушымен сөз байласып қойған. Қос тарап 2030 жылға дейін жарамды болатын келісімшартқа қол қоймақ.

Англия чемпиондары жақын арада «қырандарға» алғашқы ұсынысын жасайды. Фабрицио Романоның хабарлауынша, «Ливерпуль» Гехи үшін 30 миллион еуро төлеуге дайын екен. Футболшы да клуб ауыстыруға қарсы емес. Бірақ, соңғы сөзді «Кристал Пэлас» айтады.

Айта кетейік, Гехи «Кристал Пэлас» намысын 2021 жылдың шілде айынан бері қорғап келеді. Осы аралықта жалпы 159 ойын өткізіп, 6 гол соғып, 4 нәтижелі пас берді. Командамен бірге биыл Англия Кубогы мен Суперкубогын жеңіп алды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram