27.08.2025 19:02

Пальинья АПЛ 2-турының үздік ойыншысы атанды

27.08.2025 19:02

Жанкүйерлердің дауыс беру қорытындысы бойынша «Тоттенхэм» жартылай қорғаушысы Жоау Пальинья АПЛ 2-турының үздік ойыншысы атанды.

30 жастағы футболшы «Манчестер Ситиге» қарсы матчта (2:0) бір гол соқты.

Осылайша жалпы 33% дауыс жинап, үздік атанды. Ал екінші орырға Рио Нгумоа (22%) жайғасса, үштікті Юрриен Тимбер (17%) түйіндеді.

Естеріңізге сала кетсек, 1-турдың үздік ойыншысы Ришарлисон атанған еді.

Жақып Марғұлан

Жақып Марғұлан

InstagramInstagram