27.08.2025 12:42
Джейдон Санчо «Ромаға» ауыспайды
27.08.2025 12:42
«Романың» спорт директоры Фредерик Массара Джейдон Санчоның өкілдерімен келіссөз жүргізу үшін Лондонға барды.
Джанлука Ди Марционың хабарлауынша, 25 жастағы ойыншы Римнің клубына ауысудан түбегейлі бас тартыпты.
Ал «Челсидің» 19 жастағы вингері Тайрик Джордж «Ромаға» кетуге қарсы емес.
Сондықтан Массара Лондонда қалып, Тайрикті толыққанды сатып алу бойынша келіссөз жүргізіп жатыр.