27.08.2025 11:18
«Кристал Пэлас» Эзенің орнына футболшы тапты
27.08.2025 11:18
«Вильярреал» ойыншысы Йереми Пино «Кристал Пэласқа» ауысады
Фабрицио Романоның мәліметінше, қос тарап ауызша келісімге келіпті.
Трансфер құны қосымша бонустарды қоспағанда 30 миллион еуроны құрайды.
Пино өткен маусымда жалпы 35 ойын өткізіп, 4 гол соғып, 10 нәтижелі пас берді.
Еске сала кетсек, осыған дейін «қырандардың» басты жұлдызы Эберечи Эзе «Арсенал» ойыншысы атанған еді.