27.08.2025 23:31
Савио «Манчестер Ситиден» кетпейтін болды
27.08.2025 23:31
Савио «Манчестер Ситиде» қалатын болды
Фабрицио Романоның хабарлауынша, «қалалықтар» 21 жастағы бразилиялық шабуылшысын кез келген ұсынысқа қарамастан сатпау туралы шешім қабылдапты.
Бұған дейін «Тоттенхэм» Савиомен жеке келісімге келген еді. Алайда, манчестерлік клуб футболшысын жіберуден үзілді-кесілді бас тартты.
Сондай-ақ, лондондықтар Эберечи Эземен де сөз байласып қойған болатын. Бірақ, ағылшын жартылай қорғаушысы жеме-жемге келгенде «Арсеналды» таңдап, «зеңбірекшілер» сапына ауысып кетті.
Савио «Манчестер Ситиде» 2024 жылдың ақпан айынан бері ойнап келеді. Осы аралықта өткізген жалпы 48 ойында 3 гол соғып, 13 нәтижелі пас берді.