26.08.2025 02:18

«Ливерпуль» жеңісті жұлып әкетті

26.08.2025 02:18

Ағылшын Премьер-лигасының 2-туры аясында «Ливерпуль» қонақта «Ньюкаслдан» басым түсті

«Сент-Джеймс Парк» стадионында өткен кездесуде 2:3 нәтижесі тіркелді.

Ойынның есебін Райан Гравенберх ашты. Артынша Юго Экитике гол соғып, таблодағы көрсеткішті еселеді. Алайда, алаң иелері сапында Бруно Гимараэш пен Уиллиам Осула қақпаны дәл көздеп, таразы басын теңестірген еді. Бірақ, ойынға тыңнан қосылған 16 жастағы Рио Нгумоа 90+10-минутта мергендік танытып, командасына жеңіс сыйлады.

Осылайша, «Ливерпуль» АПЛ-дегі екінші жеңісіне қол жеткізді. Бірінші турда «Борнмуттың» (4:2) осал тұсын тапқан болатын.

Енді Арне Слот шәкірттері ішкі біріншіліктегі келесі кездесуін 31 тамыз күні «Арсеналға» қарсы өз алаңында өткізеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram