07.09.2025 14:47

«Нант» бапкері жарақат алды

07.09.2025 14:47

«Нанттың» жаңа бас бапкері Луиш Каштру жарақат алды

Жаттығу кезінде бапкерлік штабпен командаға бөлініп футбол ойнаған португалиялық маман тізесінің сіңірін созып алыпты.

Алғашында дәрігерлер крест тәрізді байламдарының үзіп кетуінен қауіптенген. Алайда, жарақаты айтарлықтай ауыр емес болып шықты.

Осыған дейін ПСЖ бас бапкері Луис Энрике де велосипедтен құлап, бұғанасын сындырып алған болатын. Испаниялық маманға енді ота жасалмақ.

Айта кетейік, Луиш Каштру «Нант» тізгінін осы жазда ғана ұстаған еді. Оның жетекшілішімен Франция Бірінші лигасының алғашқы үш турында үш ұпай жинаған «жасыл-сарылар» турнир кестесінің 13-сатысында келеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram