06.09.2025 12:33
Луис Энрикеге ота жасалды
06.09.2025 12:33
«ПСЖ» бас бапкері Луис Энрике демалыс кезінде велосипедтен құлап қалыпты.
Нәтижесінде бұғанасын сындырып алған. Содан кейін бірдене емханаға жеткізіліп, ота жасалды.
55 жастағы маман Париждің клубын 2023 жылдан бері тізгіндеп келеді.
Осы аралықта 122 матч өткізіп, 87-інде жеңіске жетті. Сондай-ақ «ПСЖ-ның» тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасында топ жаруына септігін тигізді.