06.09.2025 08:37

Марокко Әлем чемпионатына шықты

06.09.2025 08:37

Марокко құрамасы Африка бойынша іріктеу кезеңінің 7-турында Нигерді 5:0 есебімен жеңді.

Осылайша 18 ұпай жинап, мезгілінен бұрын 2026 жылғы Әлем чемпионатына шығып қойды.

«Арыстандар» мундиальға қатарынан үшінші рет жолдама алды. 2022 жылы Испани мен Португалияны жеңіп, жартылай финалға дейін жеткен еді.

Ал 2030 жылы Испания және Португалиямен бірге турнир қожайындарының бірі ретінде қатысады.

Жақып Марғұлан

Жақып Марғұлан

InstagramInstagram