05.09.2025 21:35
Беллами Қазақстанға қарсы матчтан кейін Уэльс тарихына енді
05.09.2025 21:35
Крейг Беллами Уэльс құрамасының тізгініндегелі 11 матч өткізіп, соның алтауында жеңіске жетті.
Бұл (54,5%) «айдаһарлардың» тарихындағы ең үздік көрсеткіш болып тұр.
46 жастағы маман бастаған Уэльс Қазақстанды ӘЧ-2026 іріктеу кезеңіндегі екі ойында да жеңіп кеткен еді.
Бірінші өз алаңында 3:1 есебімен басым түссе, Астанадағы матчта 1:0 есебімен жеңіс тойын тойлады.