05.09.2025 23:15
Парагвайда ӘЧ-ге шығуларына байланысты демалыс жарияланды
05.09.2025 23:15
Парагвай құрамасы 2010 жылдан бері бірінші рет Әлем чемпионатына жолдама алды.
Осыған баыланысты халық бұл қуанышты тойлату үшін көшеге шығып, думандатты.
Ал Парагвай президенті Сантьяго Пенья бір күнге (5 қыркүйек) мемлекеттік демалыс жариялады.
«Гуарани» соңғы рет Оңтүстік Африкадағы мундиальда ойнап, ширек финалға дейін жеткен еді.