08.09.2025 15:50

Ямаль рекорд орнатты

08.09.2025 15:50

2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Испания Түркияны (6:0) ойсырата жеңді

Аталған кездесуде Ламин Ямаль 10 мәрте дрибилингке барып, оның сегізін сәтті жасаған екен.

Осылайша, 18 жастағы вингер ӘЧ-2026 іріктеу кезеңінде қарсыласты алдап өту бойынша рекорд орнатты.

Айта кетейік, түнеугүні Испания ӘЧ-2026 іріктеу кезеңі аясында Түркияны 6:0 есебімен жеңген болатын. Аталған кездесуде Ямаль әріптестеріне екі нәтижелі пас берді. Ал голдарды Микель Мерино (хет-трик), Педри (дубль) және Ферран Торрес соқты.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram