08.09.2025 11:43
Ямаль паспортын жоғалтып алды
08.09.2025 11:43
Испания құрамасы мен «Барселона» ойыншысы Ламин Ямаль Түркияда паспортын жоғалтып алды
Beyaz Football мәліметінше, 18 жастағы вингер Конье қаласында өткен Түркияға (6:0) қарсы ойыннан кейін құжатын таба алмай қалған екен. Ойыннан кейін біраз уақыт іздегенімен, стадионнан паспортсыз шығыпты.
Енді футболшы үшін Түркия территориясынан шығу мәсәлеге айналып отыр.
Айта кетейік, түнеугүні Испания ӘЧ-2026 іріктеу кезеңі аясында Түркияны 6:0 есебімен жеңген болатын. Аталған кездесуде Ямаль әріптестеріне екі нәтижелі пас берді. Ал голдарды Микель Мерино (хет-трик), Педри (дубль) және Ферран Торрес соқты.