08.09.2025 01:45
Испания Түркияның тас-талқанын шығарды
08.09.2025 01:45
2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Испания Түркияны ойсырата жеңді
Түркияда өткен кездесуде 0:6 есебі тіркелді. Алаң қонақтары сапында Микель Мерино хет-трик жасаса, Педри дубль авторы атанды. Сондай-ақ, Ферран Торрес бір мәрте мергендік танытты.
Осылайша екі ойында да жеңіске жеткен Испания құрамасы Е тобында алты ұпаймен көш бастады. Екінші орынға Грузия (3 ұпай) жайғасса, үштікті Түркия (3 ұпай) түйіндеп тұр. Ал барлық ойында жеңіліс тапқан Болгария соңғы орында келеді.