06.09.2025 15:23
«Вильярреал» – «Барселона» матчы Майамиде өте ме?
06.09.2025 15:23
Ла Лиганың 17-туры аясындағы «Вильярреал» – «Барселона» ойыны қайда өтетіні әлі белгісіз
Испания футбол федерациясы аталған матчты мұхиттың арғы жағында, яғни Майамиде өткізу туралы шешімге келісімін берген еді.
Алайда соңғы сөзді UEFA айтады. Бұл мәселеге қатысты шешім 11 қыркүйек күні өтетін ұйымның атқарушы комитетіндегі отырыста қабылданбақ.
Осыған дейін UEFA президенті Александер Чеферин ойындарды шетелде өткізу бастамасына үзілді-кесілді қарсылық танытқан еді.
«Вильярреал» мен «Барселона» арасындағы кездесу 21 желтоқсанға жоспарланған. Қазіргі таңда, бұл матчты Майамидегі «Хард Рок» стадионында өткізу мәселесі қаралып жатыр.