05.09.2025 22:45
Ориоль Ромеу «Барселонадан» кетті
05.09.2025 22:45
«Барселона» Ориоль Ромеудың клубтан кеткенін хабарлады
Каталониялықтар мен испаниялық жартылай қорғаушы арасындағы келісімшарт қос тараптың шешімі бойынша бұзылды.
Ромеу кәсіби футболдағы мансабын дәл осы «Барселонада» 2009 жылы бастаған болатын. 2011 жылы клубтан кетіп «Челси», «Штутгарт», «Валенсия», «Саутгемптон», «Жирона» сынды ұжымдарда доп тепті. Араға 13 жыл салып «көк-қызыл» жейдені қайта киген еді.
«Барселона» сапында жалпы саны 39 ресми матч өткізіп, бір нәтижелі пастың авторы атанды.