04.09.2025 15:13
Почеттино: «Барселонаны» «өлсем де» баптамаймын
04.09.2025 15:13
АҚШ құрамасының бас бапкері Маурисио Почеттино «Барселонаны» ешқашан жаттықтырмайтынын айтты
— Менің бапкерлік стилім «Барселонаның» ойын мәнеріне сәйкес келеді. Бірақ, «өлсем де» бұл клубты тізгіндемеймін. Себебі, мен Каталонияның басқа командасы «Эспаньолға» жанкүйерімін, – деді Почеттино.
Почеттино 2009-2012 жылдары аралығында «Эспаньолда» бас бапкер қызметін атқарған болатын. Ал өткен жылдың қыркүйек айында 53 жастағы аргентиналық маман АҚШ құрамасының тізгінін ұстады.