08.09.2025 09:20

Испания жеңіліссіз сериясын ұзартты

08.09.2025 09:20

ӘЧ-2026 іріктеу кезеңінде Испания Түркияны (6:0) ойсырата жеңді

Осылайша «қызыл фурия» жеңіліссіз сериясын 24 матчқа дейін ұзартты. Соңғы рет Луис де ла Фуэнте шәкірттері 2024 жылдың наурыз айында өткен жолдастық кездесуде Колумбияға (0:1) есе жіберген еді. Осы аралықта испаниялықтар 17 мәрте жеңіске жетіп, бес матчта тең түсті.

2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңі аясында екі ойында да жеңіске жеткен Испания құрамасы Е тобында алты ұпаймен көш бастап тұр. Екінші орынға Грузия (3 ұпай) жайғасса, үштікті Түркия (3 ұпай) түйіндеген. Ал барлық ойында жеңіліс тапқан Болгария соңғы орында келеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram