06.09.2025 17:11
Ямаль «Барселонаның» алдағы матчына қатыспауы мүмкін
06.09.2025 17:11
«Барселона» ойыншысы Ламин Ямаль «Валенсиямен» матчқа қатыспауы мүмкін
Mundo Deportivo мәліметінше, 18 жастағы шабуылшы арқасын жарақаттап алыпты.
Осыған байланысты, алдағы «Валенсияға» қарсы ойынды өткізіп алуы ықтимал.
Ямаль ӘЧ-2026 іріктеу кезеңі аясындағы Болгарияға (3:0) қарсы ойында арқасын зақымдап алып, 79-минутта алаңдағы орнын босатқан еді.
Ла Лиганың 4-туры аясындағы «Барселона» – «Валенсия» матчы 14 қыркүйекке жоспарланған.