10.09.2025 10:36

Мбаппе Анриді артқа тастады

10.09.2025 10:36

Түнеугүні Франция 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Исландияны 2:1 есебімен жеңді

Аталған кездесуде Мбаппе өзінің ұлттық құрамадағы 52-голын пенальтиден соқты.

Осылайша, 26 жастағы шабуылшы Франция тарихындағы үздік сұрмергендер тізімінде 51 гол соққан Тьерри Анриді басып озды. Ал рекорд 57 гол соққан Оливье Жируға тиесілі.

«Әтештер» ӘЧ-2026 іріктеу кезеңінде Исландия, Украина және Әзербайжан құрамаларымен бірге D тобында сынға түсіп жатыр. Екі ойында алты ұпай жинаған Дидье Дешам шәкірттері турнир кестесінде жеке дара көш бастап келеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram