07.09.2025 19:49
Мбаппе отандасының «Реалға» ауысқанын қалайды
07.09.2025 19:49
Килиан Мбаппе Майкл Олисенің «Реалға» ауысқанын қалайды
Defenca Central мәліметінше, франциялық дүлдүл клубтың бас скауты Юни Калафатпен Олисе жайлы әңгімелесіпті.
Сондай-ақ, Майклға да мадридтік клубта бірге ойнағысы келетінін айтқан екен.
Ал «бланкос» жақын арада қатарын шабуылшымен толықтыруды жоспарлап отырған жоқ.
Олисе өткен маусымда жалпы 55 матчта алаңға шығып, 20 гол мен 23 нәтижелі пастың авторы атанды.