05.09.2025 20:51
Майкл Олисе «Ливерпульге» ауысуы мүмкін
05.09.2025 20:51
«Бавария» ойыншысы Майкл Олисе мансабын АПЛ-де жалғастыруы мүмкін
Daily Mail мәліметінше, Олисеге «Ливерпуль» қызығушылық танытып отыр.
Мерсисайдтық клуб 23 жастағы вингерді Мұхамед Салахты лайықты түрде алмастыратын ойыншы ретінде көреді екен.
Трансфер келесі жазда орын алып қалуы бек мүмкін.
Олисе «Бавария» сапына 2024 жылдың жазында «Кристал Пэластан» ауысып келген болатын. Осы уақыт ішінде жалпы 59 ойын өткізіп, 24 гол мен 23 нәтижелі пастың авторы атанды.