08.09.2025 11:00
Мбаппе Салахты «Реалға» шақырды
08.09.2025 11:00
«Ливерпуль» дүлдүлі Мұхамед Салах мансабын Ла Лигада жалғастыруы мүмкін
TEAMTalk мәліметінше, Килиан Мбаппе мысырлық шабуылшыға мадридтік клубта бірге ойнағысы келетінін айтқан екен. Салах осы жазда «бланкос» қатарына қосылуы мүмкін.
Сондай-ақ, Мбаппе отандасы Майкл Олисені де «Реал» жейдесінде көргісі келеді. Тіпті, бұл тақырыпта клубтың бас скауты Юни Калафатпен әңгімелесіпті.
Салах «Ливерпуль» намысын 2017 жылдың шілде айынан бері қорғап келеді. Осы аралықта 405 матч өткізіп, 246 гол соғып, 114 нәтижелі пас берді. Командамен бірге Англияның екі дүркін чемпионы атанып, Чемпиондар лигасында топ жарды.