31.08.2025 12:07
Мұхамед Салах АПЛ-дың басты фаворитін атады
31.08.2025 12:07
«Ливерпуль» шабуылшысы Мұхамед Салах Ағылшын Премьер-лигасындағы чемпиондыққа басты үміткер команданы айтты
— «Арсеналды» чемпионаттың басты фавориті деп санаймын. Оларда 5-6 жылдан бері бірге ойнап келе жатқан құрам бар. Алаңда бірін-бірі сөзсіз түсінеді. Ал «Ливерпуль» мен «Манчестер Ситиде» соңғы жылдары біраз өзгеріс болды. Гвардиоланың командасы әрқашан фавориттер қатарында. Бірақ, бұл маусымда «Арсеналдың» бәсі басым болып тұр, – деді Салах Sky Sports басылымына.
Айта кетейік, бүгін, 31 тамыз күні «Ливерпуль» мен «Арсенал» АПЛ-дың 2-туры аясында өзара күш сынасады. «Энфилд» стадионында болатын матч 20:30-ға жоспарланған.