07.03.2026 11:09
Ковачич жаттығуға қосылды
07.03.2026 11:09
«Манчестер Сити» жартылай қорғаушысы Матео Ковачичтің жағдайы белгілі болды

Бас бапкер Пеп Гвардиоланың айтуынша, ол топпен болған соңғы жаттығуларда бой көрсеткен. Пептің болжамына сүйенсек, Маттео маусым соңына қарай бабына келеді.
Ол осыған дейін тобығын зақымдап алып, екі мәрте ота жасатқан еді. Соған байланысты Маттео қазан айынан бері ойнамады.
31 жастағы хорватилық ойыншы «қалалықтардың» сапына 2023 жылы «Челсиден» 29 миллион еуроға ауысып келген еді. Ковачич осы маусымда екі матчқа қатысып, нәтижелі әрекетімен көзге түсе алмады.