07.03.2026 10:45

Де Брюйне алаңға оралды

07.03.2026 10:45

«Наполи» жартылай қорғаушысы Кевин де Брюйне алаңға оралды

34 жастағы бельгиялық ойыншы Италия А Сериясының 28-туры аясындағы «Ториноға» (2:1) қарсы матчқа қосалқы құрамнан шығып, 12 минут ойнады.

Бұл оның 2025 жылдың 25 қазанынан бері өткізген алғашқы матчы болды. Осыған дейін Кевин оң аяғының бұлшық етін зақымдап алып, ота жасатқан еді.

Де Брюйне осы маусымда 12 матчта төрт гол соғып, екі нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram